Мерейтой. Ваит Талғаевты 65 жасқа толуымен құттықтаймыз!

Қазақстан футбол федерациясы шын жүректен Ваит Абдул-Хамидұлын 65 жасқа толуымен құттықтайды.

Қазақ футболының дамуына Сіздің қосқан үлесіңізді бағалау мүмкін емес. Сіздің еңбегіңіздің арқасында Олег Литвиненко, Ғани Қайназаров, Нұрмат Мырзабаев, Ерлан Елеусінов, Азамат Ниязымбетов, Мұрат Тілешев, Бауыржан Исламхан және басқа да көптеген жарқын футболшылар өсіп өнді. Қазақстан құрамасының жас жұлдыздары Еркебұлан Сейдахмет пен Бактиёр Зайнутдиновтің  де кәсіпқой спорттағы алғашқы қадамы да сіздің мұқият назарыңызда болды.

Көршілес Ресей елінде табысты еңбек атқарып, Қазақстан атын көпке танымал еттіңіз! Сіздей тәжірибелі мамандардың арқасында біздің футбол туралы шетелде айтып жүретін болады.

Зор денсаулық, мол табыс, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тілейміз