Қазақстан қыздар құрамасы U-17 Румынияны жеңді

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Грузияда өткен «Даму Кубогының» соңғы матчында Румыниядан басым түсті.

Кездесу Тбилиси қаласындағы Давид Петриашвили атындағы стадионда өтті. Біздің қыздар Румыния құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Дубль авторы – шабуылшы Татьяна Герасимова.

Қазақстан құрамасы «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде екі ойында жеңіске жетіп, екінші орынды иеленді.

Румыния U-17 - Қазақстан U-17 - 0:2 (0:0)

Голдар: Герасимова 60, 70.

Қазақстан құрамасы U-17: Оразбекова, Исмаилова, Бурова, Көпжанова, Иванова, Кенжетай, Садықова (к), Ташмет, Айтымбетова (Герасимова 36), Артықбай, Махаматова (Шалмұқанбетова 25, Мұқашова 79).

Бас бапкер - Орынбасар Дәуренбекова.

13.05.2018, Тбилиси. Д.Петриашвили атындағы стадион.