Станимир Стоилов «Тобыл» - «Қайрат» ойынын тамашалады

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Чемпионатының 10-турының ойынын тамашалады.

Іссапардың мақсаты – еліміздің бас командасына үміткерлерді таңдау. Матч қостанайлық ұжымның жеңісімен аяқталды - 1:0.

Сонымен қатар, Ұлттық құраманың бас бапкеріне «Тобыл» футбол клубының салынып және қайта жөнделіп жатқан объектілерін көрсетті. Олар – клуб академиясы, «Затоболец» стадионы және жабық манеж.

Фото: «Тобыл» ФК баспасөз қызметі