Азамат Айтқожин: «Ақтөбе» футбол клубының балаларға қолайлы жағдай  жасауы – баршаға үлгі»

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барды.

Сапар барысында Азамат Айтқожин 5 футбол алаңы бар балалардың жаттығу кешенін аралады. Сонымен қатар, футбол орталықтарының жаттығу процесімен танысты.

- Ақтөбе» футбол клубының балаларға қолайлы жағдай  жасауы – баршаға үлгі. Басқа футбол клубтары да осылай алға ұмтылуы керек. Аймақтағы команданың негізгі құрамы жергілікті футболшылардан жасақталатын уақыт келетініне сенімдімін, - дейді Азамат Айтқожин. – Жаңа стратегияға сәйкес, алдағы төрт жылда балалар-жасөспірімдер футболы және бұқаралық футболға баса назар аударылмақ. Біздің футболды жаңа деңгейге көтеру үшін осы бағытта жұмыс істеу қажет.

Қазақстан футбол федерациясы мен «Ақтөбе» футбол клубының жетекшілері аймақтағы футболды дамыту мен ортақ жұмыстың жоспарын талқылады.