Анатолий Ионкинді еске алу құрметіне арналған дәстүрлі турнир өтті

7-13 мамыр аралығында Орал қаласында 2007 жылғы жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Анатолий Ионкинді еске алу құрметіне арналған дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа қатысқан командалар екі топқа бөлінді. 

Финалда «Орынбор-2007» футбол клубының бірінші және екінші командасы кездесті. Ойын 2:0 есебімен алғашқыларының жеңісімен аяқталды. Күміс жүлде «Орынбор-2007» клубының екінші командасына, қола жүлде «Ақтөбе-2007» командасына бұйырды.      

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік қақпашы – Қайрат Болатов («Ақжайық»)

Үздік қорғаушы  – Сергей Самолоделов  («Орынбор»)

Үздік жартылай қорғаушы  – Әлім Бақтыбаев («Ақтөбе»)

Үздік шабуылшы  – Олжас Игілікұлы («Ақтөбе»)

Үздік шабуылшы – Дмитрий Андреев («Орынбор»)

Үздік ойыншы – Владислав Колесников («Орынбор»)