ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысы өтті

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- 2018 жылғы маусымның екінші трансферлік тіркеу кезеңінің мерзімі 4 және 31 шілде аралығына бекітілді.

- Қазақстан футбол федерациясының Тұрақты және Арнайы комитеттері құрылды. Әр комитеттің төрағалары тағайындалды.

 

Тұрақты комитеттер:

Ұлттық құрамалар комитеті

Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлы – төраға

 

Балалар мен жасөспірімдер футболы комитеті

Қаниев Берік Сералыұлы - төраға

 

Әйелдер футболының комитеті

Әдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы - төраға

 

Футзал және жағажай футболының комитеті

Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы - төраға

 

Бұқаралық футбол комитеті

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы -төраға

 

Ардагерлер футболының комитеті

Чирков Михаил Владимирович - төраға

 

БАҚ-пен жұмыс комитеті

Абаев Дәурен Әскербекұлы - төраға

 

Халықаралық байланыс комитеті

Боранбаев Қайрат Советайұлы – төраға

 

Төрешілер комитеті

Байшақов Сейілда Икрамұлытөраға

 

Арнайы комитет

Әділетті ойын қағидаларын сақтауды бақылау комитеті

Кәлетаев Дархан Аманұлы төраға.