Саян Хамитжанов: «Ұлттық құрамалар комитетінің әр мүшесі еліміздің бас командасы жаңа деңгейге көтерілу үшін бар күштерін салады деп сенемін»

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі, «Астана» футбол клубының Президенті Саян Хамитжанов бүгін Атқарушы комитет отырысында қабылданған шешімдерге қатысты пікірін білдірді.

- Саян Жақсыгелдіұлы, бүгін Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінде Ұлттық құрамалар комитетінің төрағасы болып сайландыңыз. Осы құрылған комитеттің қандай функциялары болмақ?

 - Ең алдымен сенім білдіргені үшін Атқарушы комитеттің мүшелері мен ҚФФ Президенті Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке алғысымды айтқым келеді. Ұлттық құрама әр елдің футбол шаруашылығының шыңы және елдегі футбол деңгейінің бағамы екені жасырын емес. Комитеттің алдына қойылған міндет – ұлттық құраманың дайындығы мен қатысатын жарыстарына жан-жақты қолдау және көмек көрсету. Барлық жастағы ұлттық құрама командалардың даму сұрақтарын байланыстыру және әртүрлі мәселелер бойынша Федерация Президенті және Атқарушы комитетпен кеңесу. Өз жұмысымыз арқылы ұлттық құраманың жаңа бапкері Станимир Стоиловқа алға қойылған мақсаттарын орындауға көмектесеміз деп сенемін. Біздің құрамалар еліміздің футбол жанкүйерлеріне мақтаныш сыйлайды деп үміттенеміз.

 - Ұлттық құрамалар комитетіне қазақстандық футболдағы бірқатар танымал тұлғалар енді. Мұндай комитетті құруға не себеп болды? Үміткерлер қалай іріктелді?

 - Комитеттің құрамы оның жұмысы үшін маңызды болмақ. Оның құрамына кірген кандидаттарды өзім ұсындым. Олардың таңдау үшін үлкен жұмыс жүргізілді. Комитет төрағасының орынбасары Владимир Нидергаус болмақ.  Менің көзқарасым бойынша, Әлішер Апсалямов, Самат Смақов және Мұрат Тілешев әр аймақтың үндестігін орнатып, отандық футболдың мәдениеті мен тәжірибесін біріктіреді деп санаймын.  Владимир Викторович – өте тәжірибелі басқарушы, отандық футболдың аңызы. Футбол шаруашылығының қиындықтарын жақсы біледі. Самат Смақов пен Мұрат Тілешев ұлттық құраманың қазіргі ойыншыларымен жасыл алаңда бірге ойнаған жас футбол жетекшілерінің жаңа толқыны. Олар ел футболының әр жылдарында жас ерекешеліктері бойынша әртүрлі құрамаларда доп теуіп, ұлттық құраманың намысын қорғау мен жетісттікке жету жолдарын біледі. Әлішер Апсалямов әртүрлі жас ерекшеліктерімен кең танылған және отандық футболдың флагманы саналатын «Қайрат» футбол клубының қызметін жүргізіп, батыстың менталитеті мен білімін меңгерген жан.  Оның білімі де біздің футбол үшін көмек болмақ. Комитеттің қазіргі құрамы ең тиімді әрі жемісті жұмыс атқаруға мүмкіндік береді деп санаймын. Жоғарыла аталған мамандармен бірге алға қойылған мақсаттарды орындауға ұмтыламыз.

Жұмыстың қиын әрі маңызды бағыты бізге сеніп тапсырылды. Барлығымыз Ұлттық құраманың патриотымыз. Әрқайсымыз Ұлттық құраманы жаңа деңгейге көтеру үшін бар күшімізді салатынымызға сенімдімін. 

 - Жақында Ұлттық құрама Ұлттар Лигасына қатысады. Бұл турнирдегі құраманың болашағына қандай баға бересіз? Отандық футбол жанкүйерлері бұл жарыстан не күтеді?

- Менің тарапымнан Ұлттық құраманың мүмкіндігі мен болашағына баға беру дұрыс емес деп ойлаймын. Осы сауалды Ұлттық құраманың бас бапкеріне қойған жөн.

Біздің жұмыс Ұлттық құраманың мүмкіндігі мен жоспарының жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдай жасау. Жаңа турнир – біздің құрама үшін ерекше мүмкіндік береді. Сол себепті оны тиімді пайдаланған жөн. Болашақта отандық футболдың жалауын желбірететін бірқатар жас өрендердің өсіп келе жатқаны байқаймыз. Зайнутдинов, Перцух, Парагульгов, Әліп сынды жас ойыншылар, сонымен қатар, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе және басқа да қалалардағы жас футболшылар біздің құраманың ірі турнирлерге қатысу жөніндегі армандарын орындауға көмектесді деп сенеміз.

Ұлттық құраманың негізін құрайтын «Астана» мен «Қайраттың» табысьты еурокубок тәжірибелерін ұмытпаған абзал. Сол себепті қарсыластар атақ-даңқына қорқыта алмайды. Ұлттар Лигасының D тобындағы барлық қарсыластарымыздың да 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасына таласу үшін мүмкіндік берілгеніне қуанған шығар. Алайда, біздің бапкер Станимир Стоилов ұлттық құраманың алғашқы кездесулерінде біздің футболшылардың алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізе алатынын көрсетті. Барлығы жасыл алаңда шешіледі. Біз Стоилов жетекшілігімен отандық футболдың өрге басатынына сенеміз.