Павлодарда «Футбол сабағын» оқытудың ерекешеліктеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Павлодар облысында «Футбол сабағы» жобасына 27 мектеп енді.

Павлодар облысында орта білім беру ұйымдарының бастауыш  сыныптарында (1-4) дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» оқытудың ерекшеліктері атты тәжірибелік семинар өтті.

Семинарда Қазақстан футбол федерациясының Аймақтық жаттықтырушысы С.Куянов, ҚР БҒМ ҰҒПДТО бас әдіскер Р.Тоқай, «Ертіс» футбол клубының техникалық директоры А.Жақыпбеков, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің» бас маманы Ж.Тәжікова, Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының» әдіскері М.Баймолдин және биылғы оқу жылындағы жобаға енген 27 жалпы білім беретін орта мектептер дене шынықтыру мұғалімдері, әдіскерлер қатысты.

Семинарда Павлодар қаласының №1, №2 және № 41 орта мектептерінің  дене шынықтыру мұғалімдері ашық сабақтарын таныстырды. Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылының жобасына енген Екібастұз қаласынының №10 орта мектебі мен Ақтоғай ауданы Абай атындағы орта мектебінің ұстаздары да футбол сабағын оқытудың ерекшеліктерін ортаға салды.