Республикалық «Coca-Cola - Былғары доп» турнирі аяқталды

Бүгін «Астана Арена» стадионында 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында Республикалық «Coca-Cola - Былғары доп» турнирінің финалдық матчы өтті. Жарысқа Қазақстанның 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының командалары қатысты.

Финалда Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауылының №89 «Қайнарбұлақ» орта мектебі мен Астана қаласының №37 мектебі командалары кездесті. Шешуші кездесуде Оңтүстік Қазақстан өңірінің командасы мықтылық танытты. Есеп – 3:1.  

Турнир қорытындысы:

1 орын – ОҚО (№89 «Қайнарбұлақ» орта мектебі)

2 орын – Астана-1 (№37 ОМ)

3 орынАлматы облысы.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік қақпашы - Камран Ахмадишин (Павлодар облысы);

Үздік қорғаушы - Алмат Қадырбаев (Ақмола облысы);

Үздік жартылай қорғаушы - Азамат Бескенов (Жамбыл облысы);

Үздік шабуылшы - Разбек Жұраған (Алматы облысы);

Үздік сұрмерген - Муроджон Халматов (ОҚО);

Үздік ойыншы - Рамазан Айтжан (Астана).

 

Марпаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының Балалар мен жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, «Coca-Cola - Былғары доп» жобасының менеджері Әзел Жәнібек, «Coca-Cola - Былғары доп» жобасының үйлестірушісі Фархат Сейітов қатысты.

«Coca-Cola - Былғары доп» республикалық турнирі 2006 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Қазақстан футбол федерациясы жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреді. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық футболдың ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында жолдастық матч өтті.