Орынбасар Дәуренбекова: «Даму Кубогында үздік үштікке ену міндеті алға қойылды»

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Орынбасар Дәуренбекова «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирін қорытындылады:

- Грузияға жасаған сапарымыз сәтті болды деп ойлаймын. Қазақстан футбол федерациясы қыздар карасында Қазақстан Кубогына қатысуға рұқсат берді. Турнирде команданың шабуылы мен қорғанысының әлсіз әрі мықты тұстарын анықтай алдық. Сонымен қатар, ойын тактикасын құрдық. Жарыс алдында Қазақстан Кубогына қатысып, «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау), СДЮСШОР №7 (Шымкент) және ОСДЮСШ № 2 (Ақтөбе) командаларымен төрт кездесу өткіздік. Осының арқасында негізгі құрамды анықтап, «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде екінші орын алдық деп санаймын.

- Жарыс алдында қойылған міндеттер орындалды ма?

- Үздік үшттік ену міндетті алға қойылған еді. Оны орындадық. Қорғаныс арқылы шабуылға шығу тактикасын қолдандық. Футболда барлығы бір-бірімен байланысты. Үйдегі жарыстардың арқасында халықаралық аренада жақсы нәтиже көрсете алдық.