«Футбол сабағы» әлеуметтік бейнеролигі еліміздің мектептерінде көрсетіле бастады

Қазақстан футбол федерациясы білім беру мектептеріндегі «Футбол сабағы» жобасына арналған әлеуметтік бейнеролик түсірді. 

Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру мектептерінде «Футбол сабағы» пилоттық жобасын қолға алған болатын. Қазіргі уақытта еліміздің Жамбыл, Қызылода, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары, сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларында 214 мектеп қамтылған.

Алдағы уақытта «Футбол сабағы» жобасы аясында еліміздің барлық өңірін қамту жоспарға енгізілген.

Әлеуметтік ролик екі тілде түсірілген. Онда футболға деген махаббатты насихаттап, жастардың патриоттық сезімдерін оятып, салауатты өмір салтын қолдауға шақырады.