Сертификация комиссиясының отырысы өтті

Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларының стадиондарында «Матчты жанкүйерлерсіз өткізу» санкциясы қолдану шешімі қабылданды.

2018 жылдың 16 мамыры күні Сертификация комиссисының кезекті отырысы өтті. Онда «Орталық» (Ақтөбе), «Мұнайшы» (Атырау) және «Орталық» (Тараз) стадиондарында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастыратын барлық жарыстарда «Матчты жанкүйерлерсіз өткізу» санкциясы қолдану шешімі қабылданды.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тәуелсіз сараптама ұйымынан стадионды (негізгі салмақ түсетін конструкция) пайдалану жөнінде техникалық тексеруден өтіп, талапқа сай келмейтін кемшіліктерді жойып, қажетті құжаттарды (Сертификация ережесі бойынша - П. f, Ст.5,  Қосымша V, П.h. Ст.2, Қосымша VI) тапсырғанға дейін қолданылады.