«BAQ league» додасының үшінші маусымы мәресіне жетті

Елордада футзалдан журналистер арасындағы «BAQ league» додасының үшінші маусымы мәресіне жетті. БАҚ өкілдерінен құралған 14 команда арасындағы біріншілікте «Хабар» журналистері чемпион атанды.

Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен BAQ league-ның биылғы біріншілігі үш айға созылған болатын. Әр жексенбі сайын бір турдан өтіп, жеңімпаз ұпай саны бойынша анықталды. Ал Қазақстан футбол федерациясы әр турдың үздік ойыншысын футболдан ұлттық құраманың тарихи жейдесімен марапаттап отырды.

Журналистер лигасы үшінші маусымының ресми жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Бас жүлдені «Хабар» командасы жеңіп алса, екінші орынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұжымы иемденіп, «Қазмедиа» орталығы үздік үштікке енді. Бір қызығы, «Хабар» осы біріншілікте қатарынан үшінші маусым чемпион атанды.

«BAQ league» жарысының үшінші маусымының үздіктері:

Үздік қақпашы – Қанат Базылхан («Qazsport»)

Үздік қорғаушы – Ершат Қожатаеав («Хабар»)

Үздік шабуылшы – Нұрсұлтан Қабылбек («Хабар»)

Үздік сұрмерген – Нұрсұлтан Қабылбек («Хабар») - 60 гол

Үздік ойыншы – Азат Құмарбек («Қазмедиа»)

Журналистердің басын қосқан «BAQ league» додасының төртінші маусымы шілде айында өтеді.