Бұқаралық футбол комитетінің алғашқы жұмыс жиыны өтті

Астанада Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол комитетінің алғашқы жұмысы жиыны өтті.

Жиынға Бұқаралық футбол комитетінің төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, комитет төрағасының орынбасары, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, сонымен қатар, комитет мүшелері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаменті директорының орынбасары Серік Сәрсембеков пен әуесқой футбол лигасының президенті Ерлан Жарылқасымов қатысты.

Жиынға қатысушылар бұқаралық футбол мен «Футбол сабағы» жобасының даму бағыттарын талқылап, комиттеттің алдағы міндеттерін анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында Қазақстан футбол федерациясының тұрақты және арнайы комиттеттері құрылып, әр комиттеттің ережесі мен құрамы бекітілген болатын.