Әйелдер футболының комитеті өз жұмысын бастады

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде жақында ғана құрылған Әйелдер футболының комитеті алғашқы жұмыс жиынын өткізді.

Жиында комитет қызметінің жұмыстары мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, 2018 жылғы жұмыс жоспары талқыланды.

Комитет төрағасы Бауыржан Әбдубайытов әйелдер футболының қазіргі жағдайына тоқтап, келешегінің бағыт-бағдарын атап өтті.

Әйелдер футболының комитетінің құрамына кіргендер: Комитет төрағасының орынбасары – ҚФФ Атқарушы комитет мүшесі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма директоры Майя Егімбаева, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы мен футзал департаменті директорының орынбасары Вадим Горбенко, әйелдер футболының  жаттықтырушылары Орынбасар Дәуренбекова және Нина Тетерина.