Қазақстан футбол федерациясы «Сенің жаңа қырың» спорттық бастамасын қолдады

Елордада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен таңғы бұқаралық жаттығу өтті.

Шара салауатты өмір салтын қалыптастырып, Елбасының «Сенің жаңа қырың» атты челендж бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Таңғы бұқаралық жаттығуға Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлері де қатысты. Бұл бастаманы қолдағандардың арасында эстрада және спорт жұлдыздары да бар.