Бапкерлерді «В» категориясына оқыту басталды

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы (ҚФФ) «В» категориясы бойынша бапкерлерге білім беруді бастады.

Тыңдаушылардың қорытынды тізіміне 36 адам кірді. Олар екі топқа бөлінді. Бірінші топтың алғашқы модулі 28-31 мамыр аралығына жоспарланған. Ал, екінші топтың алғашқы дайындығы 4-6 маусым аралығында өтеді.

Алғашқы топтың тыңдаушылары: Руслан Барзукаев, Алмас Есмырзаев, Ерзат Кенбаев, Сырым Мейірбеков, Русланжан Раимбакиев, Талғат Қанышев, Денис Леденёв, Виталий Борманис, Жора Арутюнян, Анатолий Зазуля, Талғат Ешджанов, Искандар Геймат, Ваид Талгаев, Жасұлан Оймағанбетов, Габид Сапарғалиев, Евгений Шмидт, Расул Бердыгужинов, Сергей Соловьев.

Тыңдаушыларға 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Иван Азовский, Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының нұсқаушылары Станислав Погорелов пен Алексей Шапурин дәріс оқыды.

Айта кетейік, дайындық алты модульден тұрады. Бірінші топтың келесі дәрісі шілде айының аяғына, ал екінші топтың екінші модулі тамыз айының басына белгіленген.