«Футбол сабағын енгізудің басымдықтары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Семинарға «Футбол сабағы» жобасына қатысушы 30 мектептің дене шынықтыру мұғалімдері, аудандық және қалалық білім беру мекемлерінің әдіскерлері қатысты.

Қарағанды қаласындағы №81 орта мектептің базасында Қазақстан футбол федерациясы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы, Қарағанды облысының білім беру басқармасы, Оқу-әдістемелік даму орталығы, «Шахтер» футбол клубының ұйымдастыруымен «Футбол сабағын енгізудің басымдықтары» тақырыбында Республикалық семинар өтті.

Оқу-әдістемелік семинарын Қазақстан футбол федерациясының Аймақтық жаттықтырушысы Николай Роздобудько жүргізді. Тыңдаушылар футбол сабағын оқыту бойынша нақты кеңестер алды.