Рәзия Нүркенова – Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру рәсімін өткізді.

Футбол маманын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин таныстырды. Шараға Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Майя Егімбаева да қатысты.

 

Нүркенова Рәзия Төлеуқызы

Туған күні: 4 мамыр 1968 жыл.

Туған жеріҚарағанды

БіліміҚарағанды педагогикалық институты

Рәзия Нүркенова – Қазақстанда дүниеге келген. Қарағанды қаласының педагогикалық институтында білім алған. 1992 жылдан бастап Самара қаласының ЦСК ВВС командасында ойнаған. 2001 жылы футбол мансабын аяқтап, 2003 жылдан бастап ЦСК ВВС спорт мектебінде бапкерлік қызметін бастады. 2009 жылдан бастап әйелдер футболынан ЦСК ВВС кәсіби командасының бас бапкері атанды. 2007 жылдан бастап Ресей қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі. Футболдан бірінші дәрежедегі төреші.

 

Ойыншы мансабы:

1992-2001 ж. – ЦСКВВС (Самара)

 

Бапкерлік қызметі:

2003-2010жж. – ЦСК ВВС (Самара) әйелдер футбол клубының бас бапкері;

2011ж. – «Крылья Советов» әйелдер футбол клубының бас бапкері (Самара);

2012 - 2018 жж. – ЦСК ВВС (Самара) бас бапкері

2007-2018 жж. – Ресейдің қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі.

 

Жетістіктері:

– Ресейдің үш дүркін чемпионы  (1993, 1994, 1996);

– Ресей чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері (1992, 1995, 1997, 1998);

– Ресей чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері(1999, 2000);

Ресей кубогының иегері (1994);

Ресей спорт шебері.