Ұлттық құрамалар комитетінің алғашқы отырысы өтті

Бүгін Астанада Ұлттық құрама командалар комитетінің мүшелері бас қосты.

Ұлттық құрамалар комитетінің төрағасы – Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі, «Астана» футбол клубының президенті – Саян Хамитжанов. Комитет төрағасының орынбасары – «Тобыл» футбол клубының  Владимир Нидергаус, комитет мүшелері – «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов, «Шахтер» футбол клубының спорттық директоры Мұрат Тілешов, «Қайрат» футбол клубының бас директоры Әлішер Апсалямов.

Жиында Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасына дейінгі командалардың мәселелері талқыланды. Қазақстан футбол федерациясының Құрама командалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны туралы баяндама жасап, Қазақстан жастар құрамасының 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне дайындығы жөнінде айтып берді.

Келесі жиын шілде айында өтеді.