Саян Хамитжанов: «Ертең барлығымыз біздің командамызға қолдау білдіреміз»

Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде қайта құрылған Ұлттық құрама командалар комитетінің алғашқы отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша комитет төрағасы Саян Хамитжанов өз пікірін қалдырды.

- Алғашқы жиынға комитет отырысының барлық мүшелері жиналғаны қуантады. Олар комитет жұмысына белсенді араласты. Ғани Қайназаровтың Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны мен 2018/2019 жылғы Ұлттар Лигасына дайындығы, сонымен қатар, жастар құрамасының 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының қалған матчтарының жоспары жөнінде баяндамасын тыңдадық.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында болдыңыз ба?

- Иә, біздің құраманың бас бапкері Станимир Стоиловпен кездесіп, барлық сұрақтарды талқыладық. Дайындық толықтай жүріп жатыр. Ертең барлығымыз Әзірбайжанмен өтетін ойында біздің командамызға жанкүйер боламзы.

- Жиында талқыланған тақырыптардың бірі біздің құраманы күшейту үшін шетелден ойыншылар тартуды қарастыру болды. Бұл бағытта жұмыстар қалай жүргізілді? Бекітілген тізім бар ма?

- Ең алдымен біздің елде туған футболшыларды қарастырдық. Тізімде бірнеше футболшы бар. Ұлттық құраманың бас бапкеріне ұсынамыз. Бас бапкер шешім қабылдайды.