«Футбол сабағы» бойынша жұмыс жиыны өтті

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде балалар және жасөспірімдер футболының жұмыс жиыны өтті. 

Жұмыс жиынына Қазақстан футбол федерациясының Балалар және жасөспірімдер футболы департаменті мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері жиналды. Қатысушылар «Футбол сабағы» жобасын 2018-2019 жылғы оқу жылдарында 5-11 сыныптарына енгізу сұрақтарын талқылады.