БАҚ-пен жұмыс комитетінің отырысы өтті

Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс комитетінің алғашқы жиыны «Қазмедиа орталығында» өтті.

Басқосуға комитет төрағасы, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, комитет және «Қазақстан» «РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев, сонымен қатар комитет мүшелері Болат Әбдірахманов, Санжар Мұстафин, Махаббат Рыспек, Нағи Бақытбеков қатысты.

Жиында Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы, жергілікті телеарналардағы тікелей көрсетілімдер, сонымен қатар «УЕФА Ұлттар лигасы» турнирінің медиажоспарын әзірлеу сұрақтары талқыланды.