Жаттықтырушылар «В» категориясы бойынша білім алды

Астанада 4-6 маусым аралығында «В» категориясы бойынша екінші топтың алғашқы модулі өтті.

Екінші топтың тыңдаушылары: Евгений Аверченко, Курейш Арчаков, Виталий Яловцев, Ерік Ермағамбетов, Андрей Шумара, Асқат Баймолдаев, Ақниет Сахман, Виталий Кицак, Ринат Жиембеков, Әнуар Төкенов, Жанат Закиров, Павел Халезов, Расул Маруа, Аркен Жақыпбеков, Қуандық Ермекбаев, Әлібек Жүсіпов, Дмитрий Черемных, Асқат Құсайынов.

Жаттықтырушыларға 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Иван Азовский, Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының нұсқаушылары Станислав Погорелов пен Алексей Шапурин дәріс берді.