Айдос Орал: «Жаттықтырушылар штабының Бірінші лиганың ойыншыларына көңіл бөлетіні қуантады»

Қарағанды футболының түлегі, жартылай қорғаушы Айдос Орал Астанада өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысты өз пікірін білдірді:

– Айдос, оқу-жаттығу жиыны қалай өтіп жатыр?

– Астанада жиналған футболшылардың барлығы жақсы дайындықпен келді деп санаймын. Құрамаға шақырылған кезде қатты қуандым. Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабы Бірінші лиганың ойыншыларына көңіл бөлетіні қуантады.

– Биыл 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы құру туралы шешім қабылданды. Бұл футболшылар Еуропа Чемпионатының келесі кезеңіне шақырылуы мүмкін. Бұл туралы ойыңыз қандай?

– Осындай оқу-жаттығу жиыны көп болғаны жақсы. Өйткені, еліміздің әр қаласының үздік ойыншылары жиналады. Барлық ойыншыларға тәжірибе жинау маңыздырақ. Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабының мамандары да бізбен бірген жұмыс істейді. Осындай бастама үшін Қазақстан футбол федерциясына алғыс айтамыз.