Қазақстан U-20 құрамасы Қазақстан U-21 құрамасынан басым түсті

Астанада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы мен 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матч өткізді.

Кездесуде Қазақстан U-20 құрамасы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның оныншы минутында Бекзат Шадманов өз қақпасына гол соғып алды.

Бірінші таймның ортасына қарай қарымта шабуылда қақпашымен бетпе-бет шыққан Қазақстан U-20 шабуылшысы Оралхан Өміртаев есепті еселеді.

Араға төрт минут салып Қазақстан U-20 жартылай қорғаушысы Наурызбек Жагоров кездесудегі ең әдемі голды соқты.

Мұхит Жақсылық екінші таймда төртінші голды соқты. Жартылай қорғаушы ойынға тыңнан қосылып, бір минуттан соң көзге түсті.

Қазақстан U-21 – Қазақстан U-20 0:4 (0:3).

Голдар: Шадманов, автогол, 10 (автогол); Өміртаев, 24; Жагоров, 28; Жақсылық, 58.

Ескерту: Шадманов, 32; Шәмші, 69; С.Тұрсынбай, 89.

Қазақстан U-21: Шайзада, Абжал, Сұлтанов (С. Тұрсынбай, 46), Шадманов, Жұматов (Антипов, 46), Қуанышбай (Шәмші, 46), Қалмұратов, Перцух (Оралбай, 46), Әбілғазы, Чепрасов (Жалмұқан, 46), Ходжамов (Әлімбаев, 46).

Қазақстан U-20: Сейсен (Сотник, 46), Орынбасар, Батырханов, Құсайынов (Нартбаев, 61), Орал (Жақсылық, 57), Сарбай (Ыдырысов, 46), Жагоров, Сұлтан (Д. Тұрсынбай, 66), Қашкен, Өміртаев (Махан, 57), Болатов.

Төрешілер: Тимур Кумашев, Айдын Тасыбаев, Иван Навроцкий,

Резерв төреші: Саят Қарабаев

08.06.2018. «Астана Арена» стадионы.