«Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінің жеребесі тартылды

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әуесқойлар клубтар арасында «Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінің жеребесі онлайн-конференция форматында тартылды.

Жеребе тарту рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев пен клуб өкілдері қатысты.

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 8 команда қатысады. Олар «А» және «В» топтарына бөлінген. Қатысушы командалар Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан жиналған.

Турнир 21 маусым күні басталады. Финалдық кездесу мен үшінші орын үшін өтетін матч 26 маусымға жоспарланға. «Аймақтар Кубогы - 2018» турнирі Қостанай облысының Рудный қаласында «Рудный» стадионында өтеді.

Жартылай финалға жолдама алған төрт команда 2019 жылғы маусымда әуесқойлар арасында Қазақстан Респуюликасының Кубогына қатысады.

А тобы

«Қостанай» (Қостанай), «Горняк» (Рудный), СДЮШОР №8 (Астана), «Игілік» (Жамбыл облысы)

В тобы

«Затоболец» (Қостанай облысы), «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» (Астана), «Намыс» (Алматы облысы), «Пронет» (Ақтөбе облысы).