Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлері маркетинг тақырыбында УЕФА семинарына қатысты

7-8 маусым күндері Швейцарияның Ньон қаласында «Болашақтағы футбол федерациясы» тақырыбында УЕФА семинары ұйымдастырылды.

Семинарға 15 еуропалық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Қазақстан футбол федерациясынан Маркетинг және PR қызметі департаментінің директоры Нағи Бақытбеков пен бас маманы Айбол Бижанов барды.

Семинарда медиа-құқық, контент сату және коммерциялық табыстар тақырыбы қозғалды. Ұйымдастырушылар сапалы телевизиялық өнімді дайындау мен оны сату, демеушілер мен серіктестіктерді тарту, өз өнімдерін нарыққа шығару тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшындық «Арсенал» және «Манчестер Сити» клубтарының мамандары дәріс оқыды.