Төрешілерге арналған семинар өтеді

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті төрешілерге арналған семинар ұйымдастырады.

Семинар Астана қаласында 12-14 маусым аралығына жоспарланған. Шараға Қазақстан Біріншілігі, Кубогы және Чемпионатының матчтарында қызмет атқаратын 27 төреші қатысады. Төрешілер ФИФА-ның дене даярлығы бойынша сынақтарын тапсырады. Сонымен қатар, төрелік етудің теориясы мен әдістемесі бойынша білімдерін жетілдіреді. Өткен турлардың қорытындысы бойынша қателіктермен жұмыс жүргізіледі.

Жиынға УЕФА-ның Төрешілер конвенциясының маманы Алан Снодди шақырылған. Ол Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитетінің құрылымымен, Төрелік ету және қадағалау департаментінің жұмысымен, Қазақстандағы УЕФА төрешілер конвенциясының талаптарының жүзеге асырылуымен таныспақ.