CORE курсына алғаш рет Қазақстаннан фитнес-нұсқаушы шақыртылды

УЕФА төрешілердің шеберлік орталығын (CORE) 2010 жылы құрды.

CORE курсына алғаш рет Қазақстаннан Ұлттық фитнес-нұсқаушы шақыртылды. «Complex Core» жарақатының алдын алу саласының маманы Арман Есмұратов CORE 32 бағдарламасына үлес қосып келе жатқаны үшін УЕФА тарапынан қолдауға ие болды.

Біздің маман УЕФА сарапшысы профессор Вернер Хелсеннің ұсынысымен CORE курсының аға жетекшісі Дэвид Эллерей және УЕФА төрешілерді қолдау қызметінің жетекшісі Крис Уайлдтен шақырту алды.

УЕФА төрешілердің шеберлік орталығын (CORE) 2010 жылы құрды. Қазіргі уақытта УЕФА-ның ұлттық қауымдастықтарынан ФИФА төрешілері мен олардың көмекшілерінің біліктілігін жоғарылату курсын ұйымдастырады.

Бағдарламаның негізі төрешілер мен олардың көмекшілерінің, фитнес-нұсқаушылардың жұмысы саналады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді және оқытушы қабілеттігін дамыту мүмкіндігіне ие.

Бағдарлама арқылы фитнес саласында білім беру мен сынақтан өткізу бойынша тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, әр үш төреші Франция мен Швейцарияда өтетін матчтарға төрелік етеді. 

CORE курсы 2016 жылдың 10-19 мамыры және 20-27 қазаны аралығында өтеді.