Бұқаралық футболды дамытуға арналған семинар өтуде

«Футбол - бұл өмір» деген ұранмен УЕФА бұқаралық футболдан 11-ші семинарын Словенияның Любляна қаласында өткізуде.

«Футбол - бұл өмір» деген ұранмен  УЕФА бұқаралық футболдан 11-ші семинарын Словенияның Любляна қаласында өткізуде.

Семинардың мақсаты - Норвегияда өткен соңғы конференцияның (2013) жұмысының қорытындысымен қауымдастық өкілдерін таныстыру, сонымен қатар, «Grassroots»  бағдарламасының есебін баяндау, бұқаралық футболды дамытудың жаңа бағыты бойынша Хартия лауреаттарын марапаттау.

Қазақстан футбол федерациясының атынан бұл басқосуға балалар және бұқаралық футбол бөлімінің жетекшісінің орынбасары Игорь Утробин мен Техникалық орталықтың бас маманы Ерлан Адамбеков қатысуда. Семинар 15 сәуірге дейін созылады.