Чехиялық төрешілер «БИІК-Қазығұрт» - «ПСЖ» матчында төрелік етеді

Ольга Задинова бастаған чехиялық төрешілер тобы әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымындағы «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - «ПСЖ» (Франция) матчының алғашқы ойынында қызмет атқарады.

Ольга Задинова бастаған чехиялық төрешілер тобы әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымындағы «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - «ПСЖ» (Франция) матчының алғашқы ойынында қызмет атқарады. Бас төрешіге қос қапталдан отандастары Люси Ратажова және Зюзана Спиндлерова көмектеседі. Қосалқы төрешінің міндеті  Люси Шульцоваға (Чехия) жүктелді.
Матч инспекторы - Мирослава Мигалова (Словакия).

Еске сала кетейік, «БИІК-Қазығұрт» - «ПСЖ» матчы 10 қараша күні Шымкентте өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 14:00-де басталады. Қарымта кездесу 17 қараша күні Парижде ойналады.