Чемпиондар Лигасы. «БИІК-Қазығұрт» өз алаңында «ПСЖ» футболшыларын қабылдады

Әйелдер арасында Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымының алғашқы ойынында «БИІК-Қазығұрт» пен «ПСЖ» (Франция) командалары кездесті.

Әйелдер арасында Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымының алғашқы ойынында «БИІК-Қазығұрт» пен «ПСЖ» (Франция) командалары кездесті. Шымкент қаласында өткен ойын қонақтардың басымдығымен өтті.

Бірінші таймның 17 минутында Вероника Бокете қонақтарды алға шығарды. Үзіліске шығар алдында Ирене Паредес есепті еселей түсті. Ал, екінші таймның басында екінші голын соққан Паредес кездесуге нүкте қойды.

Калоян Петков шәкірттері қанша шабуылдағанмен Катажина Кеджинек қорғаған қақпаны бұза алмады. Қорытынды есеп - 0:3. Қарымта ойын тура бір аптадан кейін Парижде өтеді. 

«БИІК-Қазығұрт» - «ПСЖ» - 0:3 (0:2)

Голдар: Вероника Бокете 17, Паредес 45+1, 59.

Ескерту: Мессомо 10, Кравец 71.

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Бабшук (Красюкова 86), Мессомо (Бортникова 89), Габелия, Роузборо, Нганди, Машкова, Эшер, Мясникова, Адуле, Кравец.

«ПСЖ»: Кеджинек, Жорж, Деланнуа, Диалло, Эрика, Кристане (Сарр 64), Ламари (Дауди 81), Паредес, Периссе, Вероника Бокете, Крус-Транья.