Ел чемпионатында павлодарлық «Арман» көш бастап келеді

23-26 маусым аралығында Алматы қаласында жағажай футболынан Қазақстан Чемпионатының екінші тур ойындары өтті.

23-26 маусым аралығында Алматы қаласында жағажай футболынан Қазақстан Чемпионатының екінші тур ойындары өтті. 

Турдың шешуші ойынында бітіспес қарсыластар павлодарлық  «Арман» мен елордалық «Ұшқын-Искра» кездесті. 

Павлодар облысының командасы бұл ойында жеңіске жетіп, турнир кестесінде топ тізгінін қолға алды. Екінші орынға жайғасқан елордалық ұжымның екі ұпайы кем. Үшінші орында - алматылық  «Водник».