Таразда ардагерлер арасында футболдан Қазақстан Чемпионаты өтті 

Чемпионатқа Қазақстанның әр өңірінен 11 команда қатысты. 

Тараз қаласында ардагерлер арасында футболдан XXI Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның әр өңірінен 11 команда қатысты. 
 
Жарыс қорытындысы бойынша Атырау қаласының «Санжар» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орында - тараздық «Дантист». Үшінші орынды қаратаулық «Намыс – Қазфосфат» командасы еншіледі. 
 
Ең үздік ойыншыларға Қазақстан футбол Федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев арнайы сыйлықтартар табыстады. 
 
«Үздік қақпашы» «Намыс – Қазфосфат» ойыншысы Закир Жалилов атанды. «Үздік қорғаушы» - «Дантист» намысын қорғаған Георгий Марденов. «Үздік шабуылшы» аталымы Марат Сәрсеновке («Дантист») бұйырды. «Санжар» командасының ойыншысы Шарабуттин Гаджимагамедов - «Үздік сұрмерген». «Турнирдің үздік ойыншысы» атағы Жексембай Құсайыновқа («Санжар») берілді. Қызылордадан келген  «Қайсар» командасының ойыншысы Тимур Тасбергенов чемпионаттың беделді ойыншысы деп танылды.