Құрамалар Жұма 4 тамыз 2017 17:05

Қаратауды мекен еткен «ержүрек қырандар» кімдер?

2018  жылы Ресейде жалауы желбірейтін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан ұлттық құрамасы қарсыластарының бірі – Монтенегро мемлекеті туралы таныстыруды жалғастыратын боламыз. Сайтымызда бұдан бұрын қос құраманың алғашқы ойыны, қарсылас команда сапындағы мықты ойыншылардың бірін өзімізше зерттеп, саралаған едік. Осы жолы жас команданың құрылуы мен ойындары жайлы сөз етпекпіз. 

Құрамалар Жұма 4 тамыз 2017 16:55

Доп додасы қызып келеді

Табиғаты көркем, ауасы шипа, суы тұнық Черногорияны спортшылар үшін жаралған мекен деп айтуға тұрарлық. Мұнда ептілер мен күштілердің өз шеберліктерін шыңдауларына не қажеттің бәрі бар.

Құрамалар Жұма 4 тамыз 2017 16:49

Черногория – сайыпқыран спортшылар мекені

Жасағанның нұры тиген Балқан түбегіндегі тарихы көне, тәуелсіз жас мемлекеттің бірі Черногория шаруашылықтың барлық түрін өркендетуге қолайлы, спортқа ден қойып, денсаулығын күткен жамағат үшін де жарамды Оңтүстік-Шығыс Еуропаның осынау бір жаннат пұшпағында орын тепкен етек-жеңі ықшам ел болып табылады.

Құрамалар Жұма 4 тамыз 2017 16:46

Көрген де арманда, көрмеген де арманда

«Астана-Арена» стадионы туралы толғаныс

ҚФФ Бейсенбі 3 тамыз 2017 12:23

Ел мақтанышы - «Астана»!

Елордалық футболшылар Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде екі ойынның қорытындысы бойынша Польша чемпионы «Легиядан» басым түсті.

Құрамалар Сәрсенбі 2 тамыз 2017 17:38

Қазақстан жастар құрамасы Талғарда жаттығады

Тамыздың 2-6 күндері аралығында футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Төрешілік Сәрсенбі 2 тамыз 2017 15:20

Еурокубок ойынын алғаш рет қазақстандық инспектор қадағалайды

Бүгін Ресей астанасы Мәскеуде Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ресейлік ЦСКА мен грекиялық АЕК командалары арасында қарымта кездесу өтеді.

Балалар футболы Сейсенбі 1 тамыз 2017 12:15

2018 жылы өтетін жарыстардың ережелері талқыланды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде 2018 жылы өтетін бұқаралық, студенттік және балалар-жасөспірімдер футболы бойынша жарыстарды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты жиын өтті.

ҚФФ Сейсенбі 1 тамыз 2017 09:39

УЕФА комитеттерінің жаңа құрамы бекітілді

Кардиффте (Уэльс) УЕФА-ның Атқарушы Комитетінің отырысы өтті. Жиында комитет мүшелерінің жаңа құрамы бекітілді.

ҚФФ Сейсенбі 25 шілде 2017 17:24

Алматылық жанкүйер «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» матчын тамашалайтын болды

Қазақстан футбол федерациясы 8 тамыз күні Македония астанасы Скопьеде өтетін УЕФА Суперкубогына жолдама ойнатты.