2009
Төртеудің финалы
сәуір 2009 жыл

Алматылық «Қайрат» соңғы төрт маусымда үш рет УЕФА Кубогында төртеудің финалына шықты

«Астана Аренаның» ашылуы
3 сәуір 2009 жыл

3 шілдеде Астанадағы жаңа стадионның салтанатты ашылуы өтті

Йозеф Блаттер - Алматыда
сәуір 2009 жыл

ФИФА президенті Йозеф Блаттер бастаған делегация 29 сәуірде Алматыға келді

«Атырау» алған кубок
17 қараша 2009

2009 жылғы Қазақстан Кубогының финалы «Астана Аренада» стадионында өтті

2008
Премьер-Лига
14 ақпан 2008

ҚФФ Атқарушы комитеттің шешімі бойынша жоғары дивизион атауы «Суперлигадан» - «Премьер-Лигаға» ауысты.

Қайта оралған суперкубок
2 наурыз 2008

Қазақстан Суперкубогы қайтадан өткізіле бастады

УЕФА және ФИФА
7-9 сәуір 2008

Әділбек Жақсыбеков бастаған ҚФФ делегациясы УЕФА мен ФИФА-ның штаб-пәтеріне барды

Президент Кубогының бастауы
26-30 сәуір 2008

Алматы қаласында «Нұр Отан» Ұлттық-Демократиялық партияның қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы және «Цесна» футбол клубының ұйыдастыруымен тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының Президентінің Кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті

Әміржан Мұқанов шәкірттері
мамыр 2008

Футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияда өткен 2008 жылға Еуропа Чемпионатына іріктеу турнирін ұтты

2007
Қайта құру
ақпан 2007

Қазақстан футбол федерациясы құрылды

Руслан Балтиев - 50 матч
7 наурыз 2007

Жартылай қорғаушы Руслан Балтиев «Кубок-АЛМА-ТВ» Халықаралық турнирінде Қырғыз құрамасына қарсы алаңға шығып, Қазақстан Ұлттық құрамасының жейдесінде 50 матч өткізген алғашқы футболшы атанды.

Еуропадағы алғашқы жеңіс
Толығырақ
Сайлау конференциясы
28 тамыз 2007

Қазақстан футбол федерациясының сайлау конференциясы өтті.

2006
Қайта сайлау
12 қаңтар 2006

Қазақстан футбол одағының конференциясы өтті

Оқушылар арасында турнир
5 сәуір 2006

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған «Coca-Cola Былғары Доп» футбол турнирі басталды

Ең жас футболшы
Толығырақ
УЕФА Кубогының жартылай финалы
Толығырақ
2005
Руслан Дүзмамбетов еңбегі
3-14 мамыр 2005

Қазақстандық лайнсмен Руслан Дүзмамбетов Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы (U-17) Еуропа чемпионатында қызмет атқарды

Мишель Платини сапары
6-7 қыркүйек 2005

ФИФА және УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі, үш дүркін «Алтын доп» иегері Мишель Платини Қазақстанға ресми сапар жасады

Футбол алаңы ашылды
6 шiлде 2005

Алматыдағы «Цесна» стадионында Қазақстан футбол одағы мен УЕФА бірлесіп салған футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті

Президенті Кубогы
24 қазан 2005

Алматының Орталық стадионында ҚР жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Президенті Кубогының финалдық матчы өтті. Турнир осы жылдың сәуірінде бастау алды

Арно Пайперс - жаңа бапкер
28 желтоқсан 2005

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне голландиялық маман Арно Пайперстің тағайындалуы жөнінде келісімшарт жасалғаны жөнінде хабарланды. 2006 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан футбол одағының кеңсесінде ол жаңа қызметтегі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

2004
ФИФА марапаты
қараша 2004

ФИФА Қазақстандағы футболды дамыту және өркендетуге қосқан үлесі үшін Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиевті жоғары дәрежелі орденмен марапаттады.

Йозеф Блаттер - Қазақстанда
14-15 қыркүйек 2004

ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қазақстанға ресми сапар жасады.

Еуропа додасы басталды
Толығырақ
Құрметті Президент - Н.Ә.Назарбаев
12 тамыз 2004

Қазақстан футбол одағының Атқарушы комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан футбол одағының Құрметті Президенті атанды.

Кітаптың тұсаукесері
1 шiлде 2004

«Қазақстандық футбол: 1913—2003 ж.ж.» анықтамалығының үшінші томының тұсаукесері өтті.

2003
Ел чемпионатының көрсетілімі

Қазақстан футбол одағы, «Хабар» агенттігі және «Самсунг Электроникс» компаниясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Толығырақ
2002
Жаңа бапкер - Пахомов
желтоқсан 2002

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Леонид Пахомов тағайындалды. Ол ел құрамасын жаттықтырған алғашқы шетелдік бапкер атанды.

Жасөспірімдер жарысқа араласты
13 желтоқсан 2002

17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне жеребе тарту рәсімі өтті.

Әйелдер құрамасының жеребесі
5 желтоқсан 2002

Қазақстан әйелдер құрамасы арасында алғаш рет Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсіміне қатысты. Біздің команданың қарсыластары Израиль, Беларусь және Эстония атанды

Леннарт Юханссон сапары
Толығырақ
«Әліби» жорығы
10-13 қазан 2002

Алматылық «Әліби» мини-футбол клубы футзалдан УЕФА Кубогына қатысты

УЕФА Кубогына қатысу
15 және 29 тамыз 2002

Қазақстан вице-чемпионы «Атырау» мен ел кубогының иегері «Қайрат» УЕФА Кубогының іріктеу кезеңіне қатысқан алғашқы қазақстандық клуб атанды

Чемпиондар Лигасының бастауы
18 және 25 шiлде 2002

Қазақстан клубтары еурокубокта алғашқы ойындарын өткізді

Алғашқы ойын
7 шiлде 2002

Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА аясында алғашқы матчын өткізді. Алматыда Эстония құрамасымен өткен жолдастық матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан УЕФА-ға қабылданды

Стокгольмде өткен УЕФА Конгресінде Қазақстан футбол одағы Еуропа футбол қауымдастықтары одағының құрамына қабылданды.

25 сәуір 2002