Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады
01 шілде 2026, 09:00
9 шілде күні Әзербайжанда «Қарабах» пен Исландияның «Вестри» командалары кездеседі. Матч Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.
Аян Әлжанов аталған кездесуде УЕФА матч делегаты қызметін атқарады. УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.