Алматылық «Қайрат» футзалдан 2025/26 жылғы маусымның чемпионы атанды
«Семейге» қарсы өткен финалдық серияның шешуші матчында Густаво Парадеданың шәкірттері қосымша уақытта жеңісті жұлып алды. Матч қонақтардың жылдам голымен басталды. Ойынның 2-минутында-ақ Эдсон есеп ашты. Алайда бірінші таймның ортасына қарай «Семей» таразы басын теңестіре алды: Герейханов шабуылды дәл соққымен аяқтады – 1:1.
Үзілістен кейін «Қайрат» қайтадан алға шықты: бұл жолы Жахангир Рашит көзге түсті. Қонақтар басымдықты сақтап қалатындай көрінген сәтте, 33-минутта Кандидо есепті теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа ұластырды.
Матчтың тағдыры алғашқы экстра-таймның соңында шешілді. «Семей» футболшылары қарсы шабуыл ұйымдастыру барысында доптан айырылып, мұны тиімді пайдаланған Біржан Оразов өз мүмкіндігін мүлт жібермей, нысананы дәл көздеді – 2:3. Қалған уақытта «Қайрат» есеп айырмашылығын сақтап қалып, Қазақстан чемпионы атанды.
«Семей» – «Қайрат» – 2:3 қ.у. (1:1, 2:2)
Голдар: Герейханов 9, Кандидо 33 – Эдсон 2, Рашит 24, Оразов 45.