Футболдан Премьер-лиганың 15-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

Футболдан Премьер-лиганың 15-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

01 шілде 2026, 13:10
Футболдан Премьер-лиганың 15-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 15-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

«Жеңіс» – «Астана»

35-минут. Бірінші эпизодта өрескел ойын ережесін бұзу қарастырылады. Қонақтар командасының №15 ойыншысы қашықтан екпін алып келіп, аяғын созған күйі допқа ұмтылады да, қарсыласының тобығына соққы жасайды. Бас төреші тікелей жанасу сәтін байқамай қалып, сары қағаз көрсетті. Алайда Ойын ережесіне сәйкес, егер ойыншы қарсыласының қауіпсіздігіне қатер төндіретін тәсілмен допқа таласса немесе сырғанап келіп допты тартып алуға әрекет жасаса, бұл өрескел ойын ережесін бұзу болып саналады және қызыл қағазбен жазалануы тиіс. Қайталамадан тобық тұсына тиген соққысы ойыншының қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіргені анық көрінеді. №15 ойыншы тарапынан өрескел ойын ережесін бұзу орын алды.

Қорытынды: VAR қарауынан кейін алаңдағы бейнеқайта қараудан соң қызыл қағаз көрсету туралы шешім дұрыс қабылданды.

 

«Жеңіс» – «Астана»

60-минут. Екінші эпизодта абайсызда жасалған ереже бұзу қарастырылады. Алаң иелерінің №7 ойыншысы қарсыласының аяғын басып кетті. Төреші оқиғаға жақын орналасып, дұрыс шешім қабылдап, сары қағаз көрсетті. Қайталаудан №7 ойыншының қарсыласының дәл табанын басқаны, одан жоғары емес екені анық көрінеді.

Қорытынды: Төрешінің сары қағаз көрсету туралы шешімі дұрыс.

 

«Тобыл» – «Алтай»

12-минут. Үшінші эпизодта бұрыштамадан кейінгі айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Бірнеше ойыншы доп үшін таласқа түседі. Осы сәтте қонақтар командасының №4 қорғаушысы шабуылшыны анық ұстап, оның доп үшін күреске араласуына мүмкіндік бермейді. Қайталамадан қорғаушының допты ойнауға ешқандай талпыныс жасамағаны анық байқалады: ол допқа арқасымен қарап тұр, қарсыласын екі қолымен ұстап, оның допқа таласуына кедергі келтіреді.

Қорытынды: Төреші қолайлы орында тұрып, пенальти белгілеу туралы дұрыс шешім қабылдады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары