Астанада қазақ тіліндегі футзал ережелері мен УЕФА оқу құралының тұсаукесері өтті

Астанада қазақ тіліндегі футзал ережелері мен УЕФА оқу құралының тұсаукесері өтті

02 шілде 2026, 16:14
Астанада қазақ тіліндегі футзал ережелері мен УЕФА оқу құралының тұсаукесері өтті
Футбол үйінде тұңғыш қазақ тіліндегі футзал ережелері бойынша ресми нұсқаулықтың және УЕФА-ның бапкерлерге арналған қазақ тіліндегі оқу құралының тұсаукесері өтті.

Бұл басылымдар мемлекеттік тілдегі футбол әдебиетін дамытуға, футзал мамандары мен бапкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық деңгейдегі оқу материалдарының қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған маңызды жоба саналады.

Іс-шараға Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман мен Beles компаниясының бас директоры, аталған кітаптардың жарық көруіне демеушілік көрсеткен Махат Төреәлі қатысты.

Кездесуде спикерлер қазақ тіліндегі салалық әдебиеттің маңыздылығына тоқталып, аталған басылымдардың футзалды дамытуға, бапкерлер мен төрешілердің кәсіби даярлығын жетілдіруге қосатын үлесін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдегі сапалы оқу-әдістемелік материалдардың санын арттыру – отандық футболды дамытудағы маңызды бағыттардың бірі екені айтылды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары