CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

02 шілде 2026, 17:37
CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады
CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Команда 15-24 тамыз аралығында Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың негізгі кезеңіне кірісті. Оқу-жаттығу жиыны барысында футболшылар физикалық және тактикалық дайындықтарын шыңдап, маусымдағы ең маңызды халықаралық жарысқа жан-жақты әзірленеді.

Әлем чемпионатына Италия, Үндістан, Кения және АҚШ құрамалары да қатысады. Қазақстан құрамасының турнирдегі қарсыластары жеребе тарту рәсімінен кейін анықталады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары