Астанада Бірінші және Екінші лига төрешілеріне арналған семинар аяқталды
Семинар бағдарламасы мазмұнды әрі қарқынды өтіп, төрешілердің теориялық білімін тексеру, топтық талдау жұмыстары және физикалық дайындық деңгейін бағалау бағыттарын қамтыды. Теориялық бөлімде қатысушылар Ойын ережелері бойынша кешенді тест тапсырып, арнайы бейнетесттерден өтті. Сонымен қатар, жұмыс топтары мен дәріс форматындағы сессияларда төрешілікке қатысты күрделі ойын эпизодтары жан-жақты талқыланды.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде төрешілер өздерінің физикалық дайындығын растау мақсатында төзімділік пен жылдамдыққа арналған ресми фитнес-тесттен сәтті өтті. Қорытынды сессияларда ұйымдастырушылар оқу-жаттығу жиынының нәтижелерін саралап, емтихан қорытындыларын талдап, маусымның қалған кезеңіне арналған негізгі әдістемелік нұсқауларды ұсынды.