Футболдан Премьер-лиганың 16-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

Футболдан Премьер-лиганың 16-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

08 шілде 2026, 15:22
Футболдан Премьер-лиганың 16-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 16-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

«Қайсар» – «Ертіс»

39-минут. Бұл эпизодта ойыннан тыс қалу жағдайы қарастырылады. Алаң иелерінің шабуылы кезінде гол соғылды. Сызылған сызықтардың көмегімен алаң иелерінің №96 ойыншысы пас берген сәтте оның командаласы №9 ойыннан тыс қалыпта тұрғаны анық көрінеді. VAR тексерісінен кейін офсайд сызықтары арқылы бұл жағдай расталып, төреші голды дұрыс есепке алмады.

Қорытынды: VAR тексерісінен кейін ойыннан тыс қалу жағдайын тіркеу туралы төрешінің шешімі дұрыс болды.

«Атырау» – «Каспий»

90+2-минут. Бұл эпизодта айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Доп айып алаңына асырылғаннан кейін шабуылшы қақпаға соққы жасайды, ал қорғаушы оның алдына секіріп шығады. Өте жақын қашықтықтан жоғары күшпен тебілген доп қорғаушының сол қолына тиеді. Қайталауда қорғаушының жанасудан қашуға тырысып, қолын артқа тартып үлгергені анық көрінеді. Сонымен қатар оның қолы денесіне жақын орналасқан және денесінің көлемін ұлғайтпайды.

Қорытынды: төрешінің ойынды жалғастыру туралы шешімі дұрыс болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары