CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін алғаш рет Safeguarding семинары өтті
Кездесу барысында ойыншылар футболдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру қағидаттарымен, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерімен, жол берілмейтін мінез-құлықтың алдын алу тетіктерімен және қауіп туындаған жағдайда көмекке жүгіну тәртібімен танысты.
Биыл шілдеден бастап ҚФФ-да балаларды қорғау және футболдағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету жүйесін дамытуға жауапты Safeguarding Officer ресми түрде тағайындалды. Оның негізгі міндеті – ағартушылық жұмыстар жүргізу, Қазақстан футболында Safeguarding саясатын енгізу және федерация құрылымдарымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру.
Балаларды қорғау және қауіпсіз футбол ортасын қалыптастыру – ҚФФ-ның тұрақты даму стратегиясындағы маңызды басымдықтардың бірі. FIFA және UEFA қағидаттарына сәйкес федерация әрбір адам үшін қауіпсіз, құрметке негізделген әрі инклюзивті орта құру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.