ҚФФ Техникалық даму комитеті Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті

ҚФФ Техникалық даму комитеті Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті

09 шілде 2026, 09:46
ҚФФ Техникалық даму комитеті Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті
8 шілдеде Қазақстан футбол федерациясының Техникалық даму комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптар қаралып, бекітілді.

ҚФФ Техникалық даму комитеті – ойыншылар мен бапкерлерді даярлау, ұлттық құрамаларды дамыту және жалпы футбол жүйесін жетілдіру бағытында мол тәжірибесі бар қазақстандық футбол мамандарынан құралған Федерацияның сараптамалық бөлігі.

Бекітілген профиль ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлерді қарастыру кезінде ескеруге ұсынылатын негізгі кәсіби және ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды. Үміткерге қойылатын басты талаптар:

Қысым жағдайында жұмыс тәжірибесі: қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындары, жауапкершілік пен ресми маңызды матчтар жағдайында тиімді жұмыс істей білу.

Тактикалық икемділік: ойын үлгісі мен матч жоспарын қарсыласқа, ойын барысына, құрамдағы өзгерістерге және кездесудің ағымына қарай жедел бейімдей алу.

Көшбасшылық және коммуникация: талапшыл, бірақ құрметке негізделген басқару стилі, қиын жағдайларда сабыр сақтай білу және команда мүддесін медиа кеңістікте тиімді қорғай алу.

Көпсалалы бапкерлер штабы: талдаушыларды, дене даярлығы жаттықтырушыларды және қақпашылар бапкерін қамтитын мамандар тобын қалыптастыра білу.

Аталған құжат ҚФФ басшылығына жолданып, түпкілікті шешім қабылдау барысында Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне қарауға ұсынылады.

Техникалық даму комитеті ұлттық құраманың бас бапкерін тағайындау мәселесінде отандық футболды одан әрі дамыту міндеттерін ескеретін жүйелі тәсілдің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары