Астанада Бірінші және Екінші лига төрешілеріне арналған семинар аяқталды
Іс-шара бағдарламасы барынша қарқынды болып, теориялық білімді тексеруді, топтық талдау жұмыстарын және төрешілердің физикалық дайындығын бағалауды қамтыды. Теориялық сабақтар барысында төрешілер Ойын ережелерін білуге арналған кешенді тестілеуден өтіп, мамандандырылған бейнетест тапсырды және жұмыс топтары мен дәріс сессиялары форматында күрделі төрешілік мәселелерді егжей-тегжейлі талдады.
Семинардың практикалық бөлігі физикалық дайындықты растауға арналды – барлық қатысушылар төзімділік пен жылдамдық дайындығына арналған ресми фитнес-тестті сәтті тапсырды. Қорытынды сессияларда ұйымдастырушылар жиын нәтижелерін шығарып, емтихан қорытындыларын талдады және реферилерге маусымның қалған бөлігіне арналған негізгі әдістемелік нұсқаулықтарды берді.