Футболдан Премьер-лиганың 17-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

Футболдан Премьер-лиганың 17-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

15 шілде 2026, 13:00
Футболдан Премьер-лиганың 17-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 17-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

«Каспий» – «Ордабасы»

67-минут. Бірінші эпизодта ойыннан тыс қалу жағдайы қарастырылады. Қонақтардың шабуылы кезінде доп айып алаңына жеткізіліп, кейін «Ордабасы» ойыншысы оны қақпаға бағыттайды.

Бастапқыда төрешілер бригадасы голды есепке алды. Алайда эпизодты монитордан қайта қарағаннан кейін төреші шешімін өзгертіп, ойыннан тыс қалуды тіркеді. Офсайд сызықтары қолданылған қайталаудан пас берілген сәтте шабуылшы ойыншының қорғанушы команданың соңғыдан бір бұрынғы ойыншысынан қақпа сызығына жақынырақ тұрғаны анық көрінеді.

Қорытынды: гол дұрыс жойылды, ойыннан тыс қалу дұрыс тіркелді.

 

«Ұлытау» – «Қайсар»

39-минут. Екінші эпизодта гол алдындағы қолмен ойнау жағдайы қарастырылады. Доп айып алаңына жеткізілгеннен кейін №25 шабуылшы ойыншының қолына тиіп, содан кейін бірден қарсылас қақпасына кіреді.

Ойын ережелеріне сәйкес, егер ойыншы доп қолына тигеннен кейін бірден гол соқса, қолмен ойнау тіркеледі. Бұл эпизодта дәл осындай жағдай болды.

VAR араласуынан кейін төреші голды дұрыс жойды. Айта кету керек, бұл жерде ереже бұзу әрекеттің әдейі жасалғанына байланысты емес, голдың шабуылшы ойыншының қолына тигеннен кейін бірден соғылғанына байланысты тіркеледі.

Қорытынды: гол дұрыс жойылды.

 

«Астана» – «Ақтөбе»

58-минут. Қорытынды эпизодта доптың қақпа сызығын толық кесіп өткен-өтпегені қарастырылады. Алаң иелерінің шабуылы кезінде қақпаға соққы жасалады. Қақпашы допқа қолымен тиеді, бірақ оны ұстап қала алмайды, содан кейін доп алаңға түседі.

Қайталаудан қақпашының жанасуынан кейін доптың жерге тиіп, қақпа сызығын толық кесіп өткені көрінеді. VAR жүйесіндегі үлкейтілген көрініс арқылы доптың толықтай сызықтан өткенін нақты анықтауға мүмкіндік болды.

Қорытынды: VAR араласуынан кейін гол дұрыс есепке алынды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары