Астанада ҚФФ «Батыр жолы» футбол конференциясы өтеді
Бұл конференция отандық футбол басшыларын, кәсіби клубтардың өкілдерін, жаттықтырушыларды, ұлттық құрамалардың мамандарын және халықаралық деңгейдегі сарапшыларды бір алаңға жинайтын маңызды іс-шара болмақ.
Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан футболындағы ұлттық болмысын қалыптастыру мәселелерін және ойыншылар мен жаттықтырушыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылау. Сонымен қатар іс-шара барысында «Батыр жолы» ұлттық футбол болмысы жобасының тұсаукесері өтіп, кәсіби пікірталастар ұйымдастырылады.
Конференция стратегиялық мәселелерді талқылаумен қатар, білім беру тұрғысынан да маңызды.
УЕФА-ның жарамды жаттықтырушылық лицензиясы бар отандық мамандар конференцияға қатысқаннан кейін UEFA Continuous Professional Development (CPD) бағдарламасы бойынша 8 сағаттық үздіксіз кәсіби даму сертификатын алады. Бұл сағаттарды ҚФФ жаттықтырушылық лицензияларды ұзарту кезінде есепке ала алады.
ҚФФ үшін бұл конференция – әлемдік стандарттарды енгізуге және елімізде бірыңғай футбол философиясын қалыптастыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.