Павлодарда 2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Павлодарда 2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

16 шілде 2026, 14:14
Павлодарда 2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды
Турнирге еліміздің әр облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының құрамалары қатысып, бірнеше күн бойы чемпиондық атақ үшін бақ сынады.

Доп додасының қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы турнирдің алтын жүлдесін иеленіп, ел чемпионы атанды. Күміс жүлде Түркістан облысының еншісіне бұйырса, Шымкент қаласының командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Шешуші финалдық кездесуде елордалықтар Түркістан облысының футболшыларын 1:0 есебімен қапы қалдырса, үшінші орын үшін таласта Шымкент командасы Қостанай облысынан 4:2 есебімен басым түсті.

Чемпионат нәтижесінде дара шыққан ойыншылар жекелей номинациялармен марапатталды:

«Үздік қақпашы» – Ғазиз Арыстанбек (Жамбыл облысы);

«Үздік қорғаушы» – Русланұлы Аян (Қостанай облысы);

«Үздік жартылай қорғаушы» – Нышанәлі Аңсар (Түркістан облысы);

«Үздік шабуылшы» – Сергиенко Богдан (Астана қаласы);

«Үздік сұрмерген» – Сапаралы Шахмардан (Шымкент қаласы);

«Үздік ойыншы» – Печатнов Богдан (Астана қаласы).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары